дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл қазақ шекарасында 4 337 заң бұзушы ұсталды

Биыл қазақ шекарасында 4 337 заң бұзушы ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Оның 55-і шетел азаматы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл шекарада 4 337 заң бұзушылар ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

ҰҚК жыл басынан бері атқарған жұмысын қорытындылап, нәтижелерімен бөлісті. Мәселен шекара қызметі биылдыққа 5 мыңға жуық заң бұзғандар ұсталғанын хабарлады. Оның 35-і шекараны бұзу үстінде құрықталған.  

Мемлекеттік шекара арқылы 1 639 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

46 – есірткі заттары, жалпы салмағы 14 кг жоғары;
48 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (1 дана ату, 6 дана зақым келтіру және 459 дана суық қарулары, 172 дана оқ-дәрілер);
30 – діни әдебиет (692 дана);
553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (45 000 литрден астам);
726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 34 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
18 дана жүзу құралдары;
Жалпы ұзындығы 32,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
20 дана (71,3 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
12 905 дана (24 896 кг) таза тұқымдас балықтар;
47 дана суда жүзетін тасбақалар;
9 дана суда жүзетін құстар;
1 дана каспий итбалығы.
Алды алынған залал сомасы 147 млн теңгені құрайды.

"Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді",- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар