дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Парижді көріп есімнен танған едім»: Дариға Бадықова жас кезіндегі суреттерін көрсетті

«Парижді көріп есімнен танған едім»: Дариға Бадықова жас кезіндегі суреттерін көрсетті
Сурет: Актрисаның жеке парақшасынан алынды
Ол атақты қалаға 2013 жылы барған

Кинопродюсер, актриса Дариға Бадықова жеке парақшасында студенттік кезінде түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жастық шағында жұлдызды бәрі аңқау деп ойлаған. Бірақ, актрисаның өзі жазғандай, негізі ол өжет әрі сезімтал қыз болған.

«2005 жыл. Шымкент қаласы. Мен жалпы өжет болып өстім. Өзіме не керегін білетін едім. 2-курстан бастап театрда жұмыс істедім. Ойбай, студенттерге театр қайда десе де, бұйырған бақ деп білемін. 2013 жылы Парижге барып, есімнен танған едім. Себебі көп нәрсе білгім келген. Қайтқым келмей, ешкімге білдірмей жылағанмын. Көп жерде тік сөйлеп, жексұрын болатын кезім. Тіке сөйлеп, сезіп қоятын қасиетім түбіме жететін шығар. Дариға аңқау деп ойлайды. Ақ көңілдікпен шатастырады. Мені алдау мүмкін емес. Кеудем қысқанда, көп нәрсені біліп қоямын. Менің бір әдетім бар. Қырсық адамдарға еш уақытта жоламаймын және жолатпаймын. Айналып қашамын. Оны да сезіп қоямын» , – деп жазды актриса

Бөлісу:
Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар