дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлі-зайыптылардың ортасындағы жанжал үшін еркектерді соттай береміз бе – Бишімбаевтың адвокаты

Ерлі-зайыптылардың ортасындағы жанжал үшін еркектерді соттай береміз бе – Бишімбаевтың адвокаты
Коллаж: jambylinfo.kz
Ерлан Ғазымжановың ойынша отбасында бір жылда 3 рет ұрыс-керіс болуы қалыпты жағдай

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаетың ісі бойынша тараптардың жарыссөзінің екінші күні басталды. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов әр отбасында орын алатын жанжал үшін ер азаматтарды соттау ақылға сыймайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ерлан Ғазымжанов айтуынша, әр шаңырақта жылына 3 рет ұрыс-керіс болу қалыпты жағдай. Ал оның қорғаушысы Бишімбаевта марқұм Нүкеновамен бақытты болған.

«Иә, бұл кісілер бақытты өмір сүрді. Қымбат киім киіп, қалауынша тамақ ішіп, шетел аралады. Қарап тұсаңыздар, отбасыларда кездесетін конфликт болған. Егер біз еліміздегі әр отбасында болатын жанжал үшін ер азаматтарды 5-7 жылға соттай берсек не болады?», - деді адковат.

Ерлан Ғазымжановтың бұл сөздері судья Айжан Құлыбаеваның шамына тиді. Ол бірден адвокатқа ескерту жасады.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар