дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Көңіл айтқанда құшақтасу харам": Нұрлан имам адам қайтыс болғанда құшақтасып, көңіл айтуға болмайтынын айтты

"Көңіл айтқанда құшақтасу харам":  Нұрлан имам адам қайтыс болғанда құшақтасып, көңіл айтуға болмайтынын айтты
фото - ашық дереккөзден
Имамның бұл сөзі желіде қызу талқыланып жатыр

Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы кісі өлгенде көңіл айта барған кісі қаза шыққан үйдің адамдарымен құшақтасуына болмайтынын, себебі құшақтасу харам екенін айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Имаманың кісі қайтыс болғанда жасалатын жоралғылар туралы айтқан сөзі әлеуметтік қолданушылар арасында қызу пікірталас туғызды. Мысалы, журналист Оңғар Қабден жеке парақшасында бұған мынандай уәж айтты.

-    "Адам қайтыс болғанда көңіл айта барып, құшақтасып көрісу харам" депті Нұрлан имам. Топырлап келіп топырақ салу да харам деп, трактормен көміп жатпайық,- деп жазды журналист.

Имамды ақтап, жақтап жатқандар да бар. Жарияланымға жазылған пікірдің бірі мынадай.

-    Нұрлан имамды дұрыс түсініңіздер. Ол әйел мен бөтен еркектер құшақтаспасын, бір біріне көңіл айтқанда жақындамасын, беттерінен сүймесін деп жатыр. Тек ет бауыры бір, өте жақын бауырлар ғана құшақтасып, көрісе алады деп айтып жатыр. Неге бұрмалап әкетесіңдер. Бұл Ислам шариғаты бойынша емес, бұл қазақтың ұлттық тәрбиесі бойынша рас дүние, керек десеңіздер,- деді Жан Дүйсенова атты желі қолданушысы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар