дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көктем жақындап қалды: Қазақстанның 10 өңірінде елді мекендерді су басуы мүмкін

Көктем жақындап қалды: Қазақстанның 10 өңірінде елді мекендерді су басуы мүмкін
Сурет ашық дереккөзден алынды
Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны қаупі төніп тұрған облыстарды атады

Биыл көктемде республиканың он өңірінде елді мекендерді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осындай болжам жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 


Оның айтуынша, Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңындағы алдын ала болжамына сәйкес республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталығында тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түседі. 


«Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың көп еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері», деді Әрінов үкімет отырысында. 


Ол ТЖ министрлігі әкімдіктермен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізгенін атап өтті. 
«Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілген. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау бекеттері дайындалды. 


Елді мекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу, арықтарды, каналдарды, сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерден 10,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды. 


«Бірақ, жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей бұл жеткіліксіз. Соңғы үш жылдағы статистикаға сәйкес, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, жылда Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басады. Осы дәйектерді ескере отырып, халықты су тасқыны қаупінен қорғау мәселесін жедел және бұдан да нәтижелі шешу қажет», деп санайды ведомство басшысы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар