сейсенбі, 2 шілде, 2024 16:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Көлігімен аспанда жүр». Шымкенттік азамат марихуана шегіп алып көлік айдаған

«Көлігімен аспанда жүр». Шымкенттік азамат марихуана шегіп алып көлік айдаған
Сурет: Polisia.kz
Ұсталған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ішкі істер министрлігі мәлім еткендей, жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.

"Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады. Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды",- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар