дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 17:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келесі жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Келесі жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды
Canva
Келесі жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.

Премьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген ресми жауабында жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысына қатысты маңызды жаңалықты айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Келесі жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.

«Бұл мақсатта 2025–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта Үкіметтің тиісті қаулысына толықтырулар әзірленіп, келісу процесінен өтуде», – деді Бектенов.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақысының кемінде 25%-ын құрайтын қосымша ақы төлеуге құқылы.

Айта кетейік, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында қызмет ететін жаттықтырушылар азаматтық қызметшілер қатарына жатады. Үкімет қаулысына сәйкес, олардың жалақысы жыл сайын 20%-ке өсіп отыруы тиіс.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар