«Әкіммен жиналысқа кетіп, әлі оралмаған» БҚО-да 3 күннен бері ер адам іздестіріліп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 сәуір, 2024
- 971
Осыдан 3 күн бұрын, яғни 19 сәуір күні сағат 17:00-де 45 жастағы Александр Бекмачев Бәйтерек ауданының Жаңатан ауылындағы үйінен шыққан күйі әлі оралмаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
"Мой город" телеграм арнасының жазуынша, су тасқыны кезінде әкіммен жиналысқа кеткен Александр Бекмачев 3 күннен бері табылмай жатыр. Жиналыстан кейін ол табиғат аясында демалуға барып, көрші Щапово ауылында болған.
"Бұрын ол мерекелерде немесе достарымен бірге ішімдік ішетін болса, үнемі үйге қайтатын. Ол сұр-көк түсті спорттық костюм мен кроссовка киіп кетті. Біз полицияға хабарластық. Біз ғана емес, ауыл тұрғындары, полиция қызметкерлері, туыстары іздеп жатыр", - деді жоғалған азаматтың әпкесі Наталья Бекмачева.
Оның сөзінше, сол күні Александрдың қасында болған азаматтар да оның қайда кеткенінен бейхабар. Александрды үйінде әйелі, балалары, жақындары сарғая күтіп отыр.