Қордай оқушылары жәрмеңкеден түскен 5, 9 млн теңгені Ақтөбе облысына аударған
- авторИндира Тәліпқызы
- 22 сәуір, 2024
- 687
Жәрмеңкеге аудандағы 43 мектептің оқушылары қатысқан. Олар өздері тоқыған және өздері жасаған бұйымдарды, өздері пісірген тамақтарды сатқан. Оқушыларды қолдап ауыл жұрты оқушылардың дүниесін жапа-тармағай сатып алған. Нәтижесінде жәрмеңкеден 5, 9 млн тг қаржы түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Гүлмира Әбіқайдың сөзінше, оқушылар жәрмеңкесінен түскен 5 635 000 теңгені Қордай ауданының білім бөлімі журналистке аударған.
«Мен туып-өскен жер шағын ғана Өтеген ауылы. 400-дей үй, 3 мыңға жуық тұрғын бар. Ауылда ең көне ғимарат Өтеген орта мектебі бар. Сол мектептің оқушылары бастап, бүкіл аудан қолдап жәрмеңке өткізіпті. Қаражатты Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Берсиев ауылына аударсақ деп отырмын",-деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Гүлмира Әбіқай қиын шақта ауызбіршілік танытқан жерлестеріне алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024