жұма, 18 сәуір, 2025 7:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сүлейменов: 1 теңгелік монеталар айналымнан алынуы мүмкін

Сүлейменов: 1 теңгелік монеталар айналымнан алынуы мүмкін
ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы баспасөз мәслихатында мәлімдеді

Қазақстанда 1 теңге номиналындағы монеталар өндірістен алынуы ықтимал. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Баспасөз мәслихатында журналистер АҚШ-та 1 центтік тиындарды шығару тоқтатылғанын атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық банк басшысынан елімізде 1 және 2 теңгелік монеталарды шығаруды тоқтату жоспарда бар ма деп сұрады.

"Жалпы, көп елдерде 1 теңгелік монеталар айналымда болады, өйткені біздің ақша жүйеміз ондық негізге құрылған – 1, 10, 100, 1000 деген сияқты. Тарихи тұрғыдан немесе адамдардың психологиялық қабылдауына байланысты бұл номинал сақталып келеді. Бірақ көбіне ол тиімсіз – себебі мұндай монеталарды жасау құны олардың өз құнынан жоғары болады", – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық банк бұл мәселеге қатысты сараптама жүргізіп жатыр.

"1 теңгелік монеталарды шығаруды жалғастырудың қаншалықты қажет екенін қарастырып жатырмыз. Бұл – халықаралық деңгейде де қызықты тәжірибе. АҚШ-тың шешімі осы тақырыпқа тағы да назар аударуға себеп болды. Қазір бұл жайында нақты шешім қабылданған жоқ", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар