жұма, 18 сәуір, 2025 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжіліс депутаты заң мамандықтарына грант бөлуді қайта қарауды ұсынды

Мәжіліс депутаты заң мамандықтарына грант бөлуді қайта қарауды ұсынды
Parlam.kz
Ол заңгерлік мамандықтарға грант бөлуді тоқтатуды ұсынды, өйткені көптеген түлектер жұмыс таба алмай жүр.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, Қазақстанда жарты миллионға жуық заңгер бар, бірақ олардың көбісі мамандығы бойынша жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Біз осы кадрлық әлеуетті тиімді пайдалана алмай отырмыз. Мен министрден сұрадым: Тәуелсіздік алған уақыттан бері жарты миллионға жуық заңгер дайындалыпты. Қашықтан және сырттай оқығандарды есепке алғанда – миллионға жуық адам. Бұл тек заңгерлер. Енді біз тағы да грант бөлмекпіз. Бұл әділ ме? Қазір заңгерді сот залынан ғана емес, базардан да, көшеден де кездестіруге болады – олар жұмыс іздеп жүр", – деді Базарбек заңгерлік білім беруді дамытуға арналған парламенттік тыңдауда.

Депутат сондай-ақ ең үздік прокурорлар, тергеушілер, жедел уәкілдер, медиаторлар, судьялар мен сот орындаушылар арасында білім сайыстарын өткізуге шақырды.

"Өкінішке қарай, бұл мамандықтардың қадірі кетті. Біреулер әділетсіз сот шешіміне тап болады, біреулерге заңсыз қылмыстық іс қозғалады. Осы жағдайлар қоғамның бұл мамандықтарға деген сенімін төмендетті. Қазір халықтың санасында құқық қорғау және сот саласы қызметкерлері жемқорлықпен байланыстырылып отыр", – деді ол.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар