Елімізде
Мұнай өндірушілер жазатайым оқиғаларды жасырып келген
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:10
- 64
Мұндай деректер тексеріс кезінде болгілі болған
Мұнай сервистік компаниялары өндірістік жазатайым оқиғаларды жасырып келген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңғыстауда прокурорлық тексеріспен өндірістік жарақатқа байланысты материалдарды құқық қорғау органдарына жолдамау фактілері анықталған.
- Мысалы, жұмысшының жарақаты бойынша оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қорытынды берілгеніне қарамастан, мұнай сервистік компанияның лауазымды тұлғалары бұл фактіні жасырған. Тағы бір жазатайым оқиға бойынша дәл осындай жасыру фактісі орын алғаны белгілі болды. Облыс прокуратурасы жинақтаған материалдар ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп сотқа жолданды,- делінген хабарламада.