Министр еліміз бойынша халықты жұмыспен қамтуда ең төмен көрсеткіш көрсеткен аймақтарды атады
- авторМағжан Орынбасар
- 25 маусым, 2024
- 369
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміз бойынша халықты жұмыспен қамтуда ең төмен көрсеткіш көрсеткен аймақтарды атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары бойынша атқарылған жұмыстарды баян етті. Оның сөзінше, еліміз бойынша 106 мың адам бос жұмыс орындарымен қамтылса, 16 мың азамат ұлттық жоба мен арнайы тұжырымдамалар арқылы екі қолға бір күрек тапты. Сонымен қатар, министр көрсеткішті жақсы және төмен орындап отырған аймақтарды атады.
- Өңірлік жұмыспен қамту карталары мен жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған Абай облысының, СҚО, Қызылорда, Жамбыл облыстарын атап өткен жөн. Ал, көрсеткен көрсеткішті орындаудың ең төменгі көрсеткіші Ақтөбе облысы мен Алматы қаласына тиесілі,- деді Светлана Жақыпова.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024