сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция ескертеді: «дәрігерден» келген SMS-терді ашпаңыз

Полиция ескертеді: «дәрігерден» келген SMS-терді ашпаңыз
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр

Қазақстанның полициясы алаяқтықтың жаңа түрі белең алып жатқаны туралы ескертеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Polisia.kz жазуынша, алаяқтар қарапайым халыққа дәрігерлік тексеруден өтуді ұсынып, артынша олардың ұялы телефондары хабарлама жібереді. Сол арқылы олардың аттарына несие рәсімдейді.

«Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалады немесе хабарлама жазады. Сізге диспансерге жату, флюорографиядан өту туралы ұсыныс айтады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды.Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады», - деп жазады дереккөз.

Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар.
 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар