дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ресми құжаттарға апостиль қою». Онлайн сервисті қалай пайдалануға болады

«Ресми құжаттарға апостиль қою». Онлайн сервисті қалай пайдалануға болады
фото - ашық дереккөзден
Қызмет электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асады

Мамандар "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін ұсыну туралы өтініш беру үшін онлайн сервисті қалай пайдалануға болатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан басқа, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады.Тәжірибе көрсеткендей, бұл инновацияны азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі себептермен сот құжаттарына апостиль қою үшін жүгінген кезде толық пайдаланбайды. Өтініш берудің бұл тәсілі ауылдық жерлердің тұрғындары үшін ыңғайлы, өйткені ол облыс орталығына баруды қажет етпейді.


       Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру тәртібі:

  1. "Сот кабинеті" сервисіне кіру;
  2. Уәкілетті мемлекеттік органның атына өтініштің электрондық нысаны - Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімше ( бұдан әрі - Аумақтық бөлімшелер) Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша сот құжаты шығарылған өңірге қарамастан толтыру қажет.
  3. Салық кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылған құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,5% мөлшерінде мемлекеттік баж төлену қажет. Өтінішке апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың сканерленген электрондық көшірмесін тіркеу керек.                                                        - электрондық портал (ЭШ) арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген)         - 2008 жылға дейін Т. А. Ә. ауысқанын растайтын құжаттың (сканерленген) электрондық көшірмесі,
  4. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою және жіберу.;
  5. Өтініш уәкілетті органға немесе оның бөлімшелеріне өтінімді алдын ала қарау және апостиль қою үшін жіберіледі;
  6.  Уәкілетті орган немесе оның бөлімшесі өтінішті қарағаннан кейін пайдаланушыға Сот кабинетіне хабарлама және Мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы SMS-хабарлама не бас тарту себебі көрсетілген жауап келіп түседі.
  7.  Мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші апостиль қою үшін сот актісінің түпнұсқасымен уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне баруы қажет. Құжаттардың түпнұсқалары хабарламада көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіну қажет болады.

Айте кетейік, қызмет көрсету мерзіміне құжаттарды тапсыру күніне кірмейді. Заңды күшіне енген сот құжаттары апостиль қоюға жатады. Апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар анық және түсінікті жазылуы, лауазымды тұлғалардың қолдары мен мөрлердің бедерлері (оттиск) анық болуы тиіс.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар