Жамбылда 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күші жойылды
- авторМағжан Орынбасар
- 28 тамыз, 2024
- 458
Жамбылда 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күші жойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегінше, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталған. Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтер берген.
Ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған.
- Бұл жосықсыз қатысушыны құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы деп тануға негіз болды. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді,-делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024