Семейде тұрғынды бопсалаған азамат ақша алу үстінде ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 ақпан, 2025
- 189

Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz сайтының жазуынша, Абай облысының полиция қызметкерлері Семейдің 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175 мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды.
"Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен. Жедел уәкілдер арнайы шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Құқық қорғау органдары азаматтарға бопсалаудың ауыр қылмыс екенін еске салады. Егер сіз қорқытып-үркіту немесе заңсыз талаптардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз".
Ұқсас жаңалықтар
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қызметінен кетті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025
«Көктайғақ, дауыл, жауын-шашын»: Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025