«Шетелдіктердің бақылауында болған»: 327 мың азаматты қарызға батырған микроқаржы ұйымдарының лицензиялары тоқтатылды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 сәуір, 2025
- 112

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізілуде,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Белгілі болғандай, алты МҚҰ бірыңғай құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған.
- Сот, қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, міндеттемелерден босатылды, ал МҚҰ алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді. Еске сала кетейік, олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды. Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді,- делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда.