жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары асылып қалған адамды аман алып қалды

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары асылып қалған адамды аман алып қалды
фото - ашық дереккөзден
Тұрғынның мұндай әрекетке баруына жанжал себеп болуы мүмкін

ШҚО-да полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Polisia.kz. жазуынша, түнде Алтай қаласы полиция бөлімінің “102” жедел арнасына отбасылық жанжал туралы қоңырау келіп түскен. Ол туралы патрульдік полиция взводының қызметкерлеріне “102” арнасының кезекшісі ақпарат берген.

 Мекенжайға келген полицейлер Ержан Құсайынов пен Рүстем Рыспеков үйге кіре берісте мойнына оралған арқанға асылып тұрған ер адамды байқаған. Жедел әрекет еткен Рүстем Рыспеков арқанды ілмектен шығарған кезде, ол тыныс алуын жалғастырған. Қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл реанимациялық әрекеттерді өз бетінше жүргізіп, жүрек тұсына қажетті массаж жасау арқылы ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқан.

  •  Серіктесімнің жедел жәрдемге қоңырау шалуын өтіндім, осы кезде өзім ер адамды жастыққа жатқызып, кеудесін уқалай бастадым. Одан әрі тұншығудың алдын алып, тілі артқа кетпеу үшін тілін саусақпен жібермей ұстап тұрдым. Алты минут өткеннен кейін ғана азаматтың пульсі пайда болды. Ол есін жиғаннан кейін, құрысулар мен құсудың алдын алу үшін ер адамды оң жақ бүйіріне жатқызып, дәрігерлердің келуін күттік, – дейді Р.Рыспеков.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар