Су тасқынына қарсы күрес: Бұландыда жедел штаб іске кірісті
- авторБақытжан Бекболат
- 5 сәуір, 2025
- 102

Бұланды ауданында орын алған су тасқынына байланысты облыстық деңгейде жедел штаб құрылып, жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Штаб жұмысына облыс әкімі Марат Ахметжанов жетекшілік етеді. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Рамиль Камалов пен бірқатар мемлекеттік мекемелердің өкілдері де қатысуда. Қабылданған шешімге сәйкес, су өткізу арнасын босату мақсатында облыстық маңызы бар автожолдың бір бөлігі ашылды.
Апат салдарын жоюға жергілікті азаматтық қорғаныс күштерімен қатар, Көкшетау, Атбасар және Астана қалаларынан арнайы бөлімшелер тартылған. Қарағанды облысынан қосымша күштердің келуі де жоспарланған. Макинск қаласында инертті материал салынған қаптарды орналастыру жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы, төтенше жағдайға 246 адам, 15 техника, 1 қайық және 23 мотопомпа жұмылдырылған. Сонымен қатар, М.Габдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 76 курсанты, ІІМ-нің 70 қызметкері мен 52 техника бірлігі де көмекке келді.