сенбі, 23 қараша, 2024 5:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұрсынбек Қабатов пен әйелі су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион теңге жіберген

Тұрсынбек Қабатов пен әйелі су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион теңге жіберген
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл туралы әлеуметтік желіде Айгүл Мұқанова деген қолданушы жазды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әйелі Мөлдір Мұқанова Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылында тасқын судан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде 1 миллион теңге көмек жіберген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы Айгүл Мұқанова есімді қолданушы жазған. Желі қолданушылары Қабатовтың жомарттығына алғыс айтып жатыр.

«1996 жылы анамыздан айрылып, әкеміз қарт анасын және алты баласын (үлкені 21 жаста, кішісі 11 жаста) алып басқа елді-мекенге көштік. Папам көреген кісі болған еді, өзі оқыған кісі, облыс орталығынан жол алыстығы біздің де білім алуымызға кедергі болады деген шығар, темір жол станциясы бар Державинск қаласына тәуекел деп көшіп барған едік.

Сол көшіп кеткен 1997 жылдан бастап, ауылымыз, мектебіміз, анам жатқан қорым, балалық шақ өткен аулам, үйім бәрі сағыныш болып әлі тұр. Тұрсынбек пен Мөлдірдің ауылымызға деп жіберген көмегіне мен де қатты қуандым, есепсіз таза ниеттері үшін де риза болдым», - деп жазған Айгүл Мұқанова.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар