Қасақана өлтірген жоқпын, бірақ өліміне қатысым барын мойындаймын – Бишімбаев
- авторИндира Тәліпқызы
- 1 сәуір, 2024
- 592
Қуандық Бишімбаев сотта қасақана әрі қатігездікпен кісі өлтіру бабы айыпты мойындамайтынын, алайда оның өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Салтанат Нүкенованың туған-туыстарынан кешірім сұрады.
"Басында ол өлді дегенді қабылдау маған өте қиын болды. Қазір бірдеңе деудің өзі өте қиын. Басты айтарым, кешірім берер деп үміттенбеймін. Сонда да Салтанаттың осындағы туған-туыстарынан кешірім сұраймын. Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары мен ата-аналары бар – бәрінен кешірім сұраймын. Кешірім күтпеймін, бірақ бұл менің міндетім әрі менің жүрек сөзім. Мен бұл орны толмас шығын екенін түсінемін. Және бұл жағдайларға қатысым бар екенін білемін,» - деді ол.
Сонымен қатар Бишімбаев Жаратушының алдында ғана жауап беретінін, әйелін қасақана өлтірмегенін, алайда оның өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын айтты.
Бишімбаевтің соты Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирде түскі сағат 14:30-да жалғасады.