Халық қайғыдан қан жұтып отырғанда отандық телеарналар шоу көрсетеді – Данияр Есен
- авторИндира Тәліпқызы
- 1 сәуір, 2024
- 890
Журналист 31 наурыз, жексенбі күні кешке жақын отандық телеарналарға жеке-жеке анализ жасап, қай телеарна қандай бағдарлама көрсетіп жатқанын видеоға жазып алған. Кейін оны әлеуметік желідегі парақшасына жүктеген.
«Бүгін 31 наурыз, жексенбі сағат 19:40, қаншама отбасы үйсіз, күйсіз, малсыз қалып жатыр. Енді біздің мемлекеттен ақша алып отырған отандық телеарналарға шолу жасап көрейік. «Жібек жолы» телеарнасы «Жақсы адамдарым» шоу бағдарламасын беріп жатыр, «Қазақстан» телеарнасы «Құрсаудағы қыз» түрік сериалын көрсетіп жатыр. Ал «Хабар» телеарнасында «Қызық таймс» болып жатыр. Қаншама отбасы үйсіз, күйсіз қалып жатыр, дәл осы уақытта мемлекеттік телеарналар шоу бағдарламаларды тоқтатып, тікелей эфирден ақпарат таратуы керек. Мысалы, былтыр Түркияда жер сілкінісі болғанда бүкіл трансляцияларды тоқтатып, тікелей эфирде ақпарат тартты. Ал біздің телеарналардың кейпі осы»,- деп жазды журналист.
Данияр Есеннің бұл постын оқырмандар да қолдап, таратып, мемлекеттік ақпарат құралдары сағат сайын жедел ақпарат таратып отыру керек деген пікір қалдырған.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024