жұма, 20 қыркүйек, 2024 9:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды
фото - ашық дереккөзден
Биыл бұл бойынша бойынша 3 млн теңгеден 30 грант беріледі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Ведмство атап өткендей, конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» –  өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында t.urpaktary2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар