«Тексеруден өтеді». Қарасай ауданындағы қораның мәселесі жөнінде әкімдік шешім қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 4 мамыр, 2024
- 428
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауданында 10 жылдан бері талапқа бағынбаған малдардың қожайыны әкімдік өкілдерімен әңгімесі аясында жылқылармен бірге тұрған шошқаларын сататын болды. Тұрғындардың наразылығын ескерген жергілікті әкімдік, аудандық полиция және аудандық ветстанция жағдайды бақылауға алған, деп жазады jambylinfo.kz.
Аудандық әкімдік берген ресми дерекке сүйенсек, бүгіннен бастап «Актава» баспанасында тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалған. Сондай-ақ, жануарлар ветеринариялық тексеруден және карантиннен өтеді. Жылқылар да өзге орынға тасымалданды.
Райымбек ауылдық округінің әкімдігі жануарлардың иесі санитарлық талапқа бас имегеніне 10 жылдан асқанын айтты. Тіпті бұл үшін айыппұл да төлеген. Аудандық ветсанцияның мәлімдеуінше, қазір жануарлар арнайы жүк көлігіне тиелді. Оған жануар жанашырлары, жергілікті тұрғындар көмектескен.
«Жануарлардың иесі Қырғауылды ауылының тұрғыны Алексей есімді азамат. Бұл отбасы осындай жағдайға қатысты 2022 жылы айыппұл арқалаған. 2023 жылы 10 бас жануарды ветеринарлық станцияға тіркеткен. Бүгінгі жағдай біздің мекеменің бақылауында. Қорада механикалық және бірнеше дизенфекциялық тазартулар жүргізіледі», – деді Қарасай аудандық ветстанцияның өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматы облысы Қарасай ауданында жылқы малы мен шошқаларды бір қорада қамап баққан тұрғынның ісі жұрттың ашуын туғызған.