Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөздерін қашан айтатыны белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 4 мамыр, 2024
- 665
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөздерін 2024 жылдың 6 мамыры күні, таңғы сағат 10:00-де айтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Бүгін сот жарыссөзде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі алқабилер сот залынан шығып, жарыссөздің екінші бөлігі өтті. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады. Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Дереккөзіне сүйенсек, екі сотталушының соңғы сөзі 2024 жылдың 6 мамыры күні, сағат 10:00-де өтеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024