«Тіл мерекесі қай күні екенін білмейтін мұғалімдер бар»: Оразкүл Асанғазы ұстаздарды не үшін сынады
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 мамыр, 2024
- 1.2k
Таразда өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы ұстаздардың кәсіби біліктілігін сынға алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Мұғалімдермен жиі кездесемін. Сондай кездесудің бірінде мұғалімдерден «елімізде Тіл мерекесі қай күні» деп сұрадым. Олар 22 қыркүйек деп жауап берді. Дұрыс жауап беретін мұғалім табылмады. Ендеше, біле жүріңіздер, 5-қыркүйек – Тілдер күні. Бұл күн Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай арнайы белгіленген», -деді Асанғазы.
Сонымен қатар, тіл жанашыры мұғалімдерді ешқандай заң жөнге салмайтынын, мұғалім өз-өзін дамыту, тілге жаны ашу, оқушыларды шексіз жақсы көру арқылы кәсіби білікті маман бола алатынын атап өтті.
Еске салайық, тіл жанашырлары жиналған форумның мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.
Жамбылда сот орындаушы клиенттерінің қалтасын қаққан
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024