дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтіп жатыр

Таразда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумы өтіп жатыр
Сурет: jambylinfo.kz
Форумға аймақтар тіл саласының спикерлері келген

Форумның ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз сөйлейді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Форумның модераторы, филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы бұған дейін мұндай форум Петропавл, Қарағанды сынды қалаларда өткенін айта келе, бүгін форумның Жамбыл жерінде жалғасуына қолдау көрсеткен Жамбыл облысы әкімдігіне алғысын білдірді. 

Ал облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев Жамбыл жерінде қазақ тілінің мерейі үстем екенін атап өтті. 

"Ата заңымызда қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп жазылған. Жамбыл облысында 93% халық мемлекеттік тілді меңгерген. Ал облыста 2700 ден астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болса, олардың арасында өзге ұлттық өкілдері бар", -деді ол. 

Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының басшысы форум жұмысына сәттілік тіледі. 

Еске салайық, республикалық форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Тіл саясаты комитет» өкілдері, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми практикалық орталығы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, тіл жанашылары мен ұстаздар қатысып жатыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар