сәрсенбі, 31 желтоқсан, 2025 12:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан үш адамды құтқарды

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан үш адамды құтқарды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше көлік қар құрсауында қалып, төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Тасқала ауданына қарасты Оян ауылы маңында шөп тиеп келе жатқан ауыр жүк көлігі мен Теректі ауданының Шөптікөл ауылы маңында жеңіл автокөліктің қозғала алмай қалғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар үйлесімді әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде екі көлікті де қар құрсауынан шығарып алды. Құтқару жұмыстары барысында жүргізушілер мен бір жолаушыға медициналық көмек қажет болмағаны анықталды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Мамандар дауылды ескертулерді үнемі қадағалап, ауа райы қолайсыз кезеңде алыс жолға шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына ауа райы күрт нашарлаған жағдайда ұзақ жаяу жүруден бас тарту ұсынылады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар