Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады
- авторБақытжан Бекболат
- 28 мамыр, 2025
- 163

Пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Делегация құрамында 250-ден астам адам бар: мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.
Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:
– ресми қарсы алу рәсімі;
– «Шэньси – Алматы» апталығының ашылуы;
– жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;
– Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.
Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 5 маусымға жоспарланған.
— Бұл жоба Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформалар комитетінің бастамасымен, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы, Сыртқы істер министрлігі, Көлік министрлігі, Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының Туризм басқармасы және отандық туроператорлардың қолдауымен жүзеге асырылуда, — делінген хабарламада.