жексенбі, 15 маусым, 2025 3:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылорда диқандары жаңа технологиямен өнімділікті арттыруда

Қызылорда диқандары жаңа технологиямен өнімділікті арттыруда
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді

Қызылорда облысында су тапшылығын азайту мақсатында күріш алқаптары заманауи әдіспен өңделіп жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл 60 мың гектарға жуық егістік лазермен тегістелді. Былтыр 55 мың гектар жер осы әдіспен дайындалып, нәтижесінде 200 миллион текше метр су үнемделген. Сонымен қатар өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін артты.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңір диқандарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен бөлісті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған лазерлік тегістегіш құралдарын сатып алуға берілетін субсидия көлемі 25 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылған. Бұрын бұл көмек тек 200 гектардан асатын егістігі бар шаруаларға ғана берілсе, енді барлығына қолжетімді.

Қазір облыста 123 лазерлік техника бар. Бұл 100 мың гектарға дейінгі егістікке қызмет көрсете алады. Биыл жауын-шашын аз болғандықтан, суару маусымы ертерек басталды. Су тапшылығы күшейген. Диқандарды сумен қамту үшін Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр су жіберіліп жатыр.

Министрлік судың көлеңкелі нарығын жоюға кірісті. Енді тек ресми келісімшарт жасаған шаруашылықтарға ғана су беріледі. Заңсыз су алу тоқтатылады. Бұл талаптар жаңа Су кодексінде де нақты жазылған. Құжат 10 маусымнан бастап күшіне енеді.

Нұржан Нұржігітов бұл кездесуде диқандардың бұған дейін айтқан ұсыныстарының ескерілгенін айтты. Енді суды әділ бөлуге ерекше көңіл бөлінбек.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар