Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 млрд теңге жымқырылған
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қыркүйек, 2024
- 333
Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы 1 млрд теңге жымқырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ПРОКУРАТУРА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗДІ
Прокуратура органдары азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізді. Жалған құжаттарды пайдалана отырыпазаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану фактілері анықталды. Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген. Кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген де.
МЕМБАҒДАРЛАМАНЫ МАЙШЕЛПЕККЕ АЙНАЛДЫРҒАН
Мұндай фактілер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды. Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды.
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗАРА МӘМІЛЕСІ
ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген. Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алған. Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
20 СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ІСІН БАСТАДЫ
Жалпы прокурорлар 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады. Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылдануда. Нормативтік актілердегі олқылықтарды жоюжәне бағдарламаны іске асыруды бақылау жүйесін күшейту мақсатында Үкіметке қадағалау актісі енгізілді.
Қазақстанда 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024