жексенбі, 7 шілде, 2024 6:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Айтары бар беделді газетке айналды»

«Айтары бар беделді газетке айналды»
ашық дереккөзі
«Айтары бар беделді газетке айналды»

Гүлнұр ЕМБЕРДИЕВА, («ARAI» газетінің 2012-2017 жылдар аралығындағы Бас редакторы):

– Облыстық «АРАЙ» газеті 15 жыл бойы қоғамдық сананы қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін абыроймен атқарып, жаңалықтың жаршысы, билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір болып келеді. Алаш ардақтыларының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп бекер айтпаса керек. Қас пен көздің арасында қарыштап дамып келе жатқан елдің, соның ішінде қазақ ұлысының шаңырағы мен туы тігілген Әулиеата өңіріндегі жас ұрпақтың жанашырына айналған газетіміздің бұл күнде бет-бейнесі ғана емес, мазмұны да байыды. Өңірде өзіндік айтары бар басылымға айналды. Жаңа арнаулы беттер мен арынды айдарлар ашылып, оқырманнан оң бағасын алуда. Сол оқырманның бірі ретінде мен де «ARAI» газетін алдырып, үнемі бақылап отырамын. Өзім редакторлық еткен жылдармен таразылап, жаңаша жаңғырған жастар үнпарағының әрбір қадамына қуанып, тілеуін тілеймін. Жастар еліміздің ертеңі саналса, жастар басылымының да болашағы баянды боларына бек сенімдімін. Бүгінгі 15 жылдық белестеріңіз ғасырға ұласып, тарихта «ARAI» газеті өзіндік өшпес ізін қалдырсын деп тілеймін. Мерейлі мереке құтты болсын, «арайлықтар»!

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар