Бүгін композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл толды
- авторМағжан Орынбасар
- 1 сәуір, 2025
- 134

Бүгін композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәулескер домбырашы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген.
Әртүрлі жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.
Алтын таулар операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), Достық жолымен балетінің (Л.Степановпен бірге), Ортеке балет-поэмасының, Менің Қазақстаным кантатасының, оркестрге арналған Поэма, Ата толғауы, Ақсақ құлан, Аққу, Арман, Махамбет, Көш керуен поэмалары мен Халық қуанышы, Қайрат, Жеңіс салтанаты атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қаңтар, 2025