жексенбі, 7 шілде, 2024 16:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байқауда бағы жанды ауданның

Байқауда бағы жанды ауданның
ашық дереккөзі
Байқауда бағы жанды ауданның
Облыстық «Парасатты Отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. 9717 отбасының ішінен үздіктері анықталды. Бас жүлде «Парасатты отбасы» номинациясымен Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебінің Тәжіғұл Әбілдаевтар отбасы марапатталды. Тәжіғұл Әбілдаев облыстығы ең ірі кәсіпорын «Казфосфат» ЖШС еңбек етеді. Отбасында – 4 бала тәрбиеленеді. Бауырмалдық, қайырымдылық, достық, Отансүйгіштік қарым-қатынастарды қалыптастыру, бүгінгі күннің парасатты тұлғасын айқындау – отбасының негізгі ұстанымы. Жеңімпаз отбасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т.Мамаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев марапаттап, бағалы сыйлық ұсынды. Сондай – ақ, 19 отбасы 10 номинация бойынша үздіктер деп танылды. Жамбыл ауданы А.Макаренко атындағы орта мектебінің Жұмаділдер отбасы. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді. Әлемнің классикалық шығармаларынан бастап, заманауи отбасы психологиясы туралы әдебиеттерді сүйіп оқитын жанұялар.. Жамбыл ауданы Нұрлыбековтер отбасы. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді. Жамбыл ауданы Айша бибі орта мектебінің Сағымбековтар отбасында 4 бала тәрбиеленеді. «Ең салауатты отбасы» номинациясын Жамбыл ауданы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебінің Ешметовтар отбасы иеленді. Отбасында 5 бала тәрбиеленеді. Қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан құсбегілік пен құмай тазыны баптау дәстүрлерінің жалғастырушысы. Ұлттық спорт түрлерінен әлемдік, халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар