бейсенбі, 4 шілде, 2024 22:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тіл сауаттылығын сақтау – маңызды мәселе

Тіл сауаттылығын сақтау – маңызды мәселе
ашық дереккөзі
Тіл сауаттылығын сақтау – маңызды мәселе
Аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың басшылығымен ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті. Ауылдық округ әкімдері қатысқан комиссия отырысында жұмысшы топ жетекшісінің орынбасары Асқар Байдалиев ҚР «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының және сыртқы көрнекі ақпараттарды орналастыру талаптарының орындалуы туралы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде аталмыш заң талаптарының және тіл сауаттылығының сақталуы бойынша 17 ауылдық округте орналасқан қонақ үйлер мен мейрамханаларға, басқа да тұрмыстық қызмет көрсету орындарына зерделеу жұмыстары жүргізілгендігін айтып, нәтижесінде бірқатар кемшілік орын алғандығын атап көрсетті. Мәселен, округтердегі кейбір дүкендердің атауы жоқ, сыртқы жарнамалық көрнекіліктерінің өңі кетіп ескіргенін, жаңартуды қажет ететінін, сондай-ақ елді мекендердегі тұрғын үйлердің аншлагтары ескі үлгіде қалып қойғанын, сауда, қызмет көрсету орындарында жарнамалар мен сыртқы көрнекіліктер тек ресми тілде жазылып ҚР «Тіл туралы» Заңының тиісті баптарының талаптарын сақтамау айғақтары кездесіп отырғанын сөз етті. Бұдан басқа да кемшіліктерді хабарлаған Асқар Маратұлы мекеме маңдайшаларын, аншлаг, көрнекі ақпараттарды, стенділер ілінетін көрнекіліктерді орналастырмас бұрын жобасын алдын ала аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісу, көрнекі ақпараттардың латын қарпіне негізделген жаңа әліпби бойынша әзірленген емле ережесіндегі талаптарға сәйкес жасалуын басты назарда ұстау, объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау барысында қолданылатын заңнамалық нұсқаулықты басшылыққа алу секілді ұсыныстарын ортаға салды. Бұдан кейін Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Асхат Саршаев, Аса ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ержан Қалабаев көше атаулары мен көше бұрылыстарына атау беру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиынды қорытындылаған Олжас Елебекұлы Елбасының жергілікті жерлердегі идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою туралы тапсырмасын қатаң бақылауға алу; әкімшілік аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау кезінде ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу; көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталуын қадағалау; аудандағы барлық елді мекенге кіре беріс жол бойындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы жазылған көрсеткіш тақталардың жаңартылуын қамтамасыз ету; елді мекендерде көше аншлагтарын орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырып, әр округ әкімі жыл соңына дейін толық жаңартылуын үнемі бақылауда ұстау бойынша тапсырмалар берді. Мақсат ЖҰМАБАЕВ, «Шұғыла»
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар