сенбі, 23 қараша, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жиын-терін аяқталып келеді

Жиын-терін аяқталып келеді
ашық дереккөзі
Жиын-терін аяқталып келеді
Даладағы дүбір бәсеңси бастағандай. Бұл жиын-теріннің аяқталып келе жатқанын көрсетеді. Осы орайда біздің тілшіміз күзгі дала жұмыстарының барысын білмек ниетпен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековке жолығып, мән-жайды білген еді. – Амангелді Есжанұлы, балапанды санайтын күздің екінші айы да артта қалды. Осы аралықта талай тірлік тиянақталған болар? – Расында, қыс қыр астында тұр. Күздің қара суығына ұрындырмай дақылдардың көбі жиналып алынды. Шүкір, күн қарасып тұр. Бұл қант қызылшасын өсірушілерге қолайлы сәт тудырып отыр. Енді 10-12 күнде балтамыр түгел жиналып алынады деген үмітіміз бар. – Әлгінде, дақылдардың көбі жиналып алынды дедіңіз. Сол дақылдардың өнімділігіне жеке-жеке тоқталсаңыз? – Алдымен ауыл шаруа­шы­лығы саласында еңбек етіп жүрген еңбек адамдарына алғыс айтқым келеді. Негізгі сауалыңызға көшсем, көкөніс дақылдарынан алынған өнім көңіл көншітеді. Аудан бойынша 7945 гектарға орналастырылған көкөніс дақылдарының әр гектарынан 285,8 центнерден өнім алынып, жалпы түсім 227077 тоннаны құрады. Бақша дақылдарының көрсеткіші де жаман емес. Аудан бойынша дақылдың осы түрі 736 гектарға егіліп, гектарынан алынған өнім 271,0 центнерді құрады. Майлы дақылдарды өсіруде де ілгерілеушілік бар. Дақылдың бұл түрі аудан бойынша 2520 гектар­ға орналастырылып, әр гек­тар­дан 14,7 центнерден өнім алын­ды. Мақсарыдан алынған өнім әр гектардан 7 центнерден, пістеден 18,8 центнерден, соядан 4,6 центнерден айналды. – Дұрыс екен. Өзіңіз айтпақшы, қыс қыр астында тұр. Демек, мал азығын дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл тұрғыда не айтар едіңіз? – Мал азығын дайындау жұмысы мамыр айының орта тұсынан басталғаны белгілі. Негізі, шөп шабуға белгіленген жердің аумағы аудан бойынша 34053 гектар болса, оның ішінде көпжылдық шөп көлемі 25473 гектарды құрайды. Мысалы, жоңышқаның бірінші орымынан 25473 тонна алынса, екінші орымда бірінші орымдағы көрсеткіш қайталанды. Нақты орындалғаны пайызға шаққанда 112,4 пайызды құрады. Шөп дайындау жұмысы жерге қар түскенше жасалатынын ескерсек, қазіргі таңда пионерліктер Мойынқұм өңірінде шөп орып жатыр. Сондай-ақ, пішендеме дайындау 100,2 пайызға, сабан 108,4 пайызға, сүрлем 100,2 пайызға орындалды. – Диқандардың бүгінгі іс-әрекетінен «Болашақ қа­мы – бүгіннен» екенін түсі­ну қиын емес. Мәлімет­теріңізге сүйенсек, әр күнді, әр сағатты тиімді пайда­лана білген диқандар күздік себу жұмысын бір жұма бұрын аяқтаған екен... – Ол рас. Жалпы аудан бойынша 4700 гектарға күздік бидай тұқымы себілді. Айрықша атап өтер болсам, Полатқосшы ауылдық округіндегі «Юнчи» өндірістік кооперативі 2000 гектарға күздік орналастырса, «Қызыл диқан» өндірістік кооперативі 600 гектарға, «Пионер» өндірістік кооперативі 100 гектарға екті. Басқа да ірілі-ұсақты шаруашылықтар діттеген жоспарларын орындап, болашақ өнім жолында аянбай тер төкті. – Әңгімеңізге рақмет. Сұхбаттасқан Дүйсенбек ОРМАНОВ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар