«Енді келместей болған шығар». Роза Рымбаеваның Ақтаудағы концертін әлеуметтік желі қызу талқылап жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 15 наурыз, 2024
- 10.2k
Халық әртісі Роза Рымбаева Амал күнінде Ақтау қаласының жағалауында концерт қойған. Бірақ, кешке небары елу адам ғана жиналған. Ауа-райының қолайсыздығы мен көрермендердің аздығына қарамастан, Роза Рымбаева концертін тоқтатпаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Ашық дереккөздерге сүйенсек, көрерменнің көп жиналмауына бірнеше фактор себеп болған. Ауа райы, Амал мерекесі, Рамазан айындағы ауызашар сияқты себептермен қатар, концерттің жарнамасы бір күн бұрын ғана жарияланғаны белгілі болып отыр.
«Біз концерттен бас тартқымыз келді, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді қарсы болып, концертке шығатынын айтты. Ақтау тұрғындары әрдайым мінезді адамдар болған, олар бұл қаланы ыстықта, қатты суықта, қатты желде және сусыз дала арасында салған. Сондықтан бұл концерт Ақтау тұрғындарына құрмет", - дейді әншінің сөзін жеткізген концерт ұйымдастырушылары.
Ал әлеуметтік желінің қолданушылары көрермен өте аз жиналған видеоның арасына әзіл шыны аралас пікірлер қалдырып жатыр. «Боранды күні Роза мен ит құтырады», «Отпан тауға шақыра салу керек еді», «Енді келместей болған шығар» деп жазды қолданушылар.
2024 жылы оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024