Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында су тасқыны бола ма? ТЖМ жауап берді
- авторjambylinfo.kz
- 15 наурыз, 2024
- 1.5k
«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, алдағы күндері күн күрт жылынады. Кеше Жамбыл ауданына қарасты Түркісіб ауылында жерасты суы көтеріліп, «Арай» көшесінің тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұнатаева хабарлағандай, қазір Жамбыл облысында су тасқыны болады деген қауіп жоқ.
"Облыста жағдай қатаң бақылауда. Барлық аудандарда су тасқының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылды. Каналдар, арықтар толық тазаланды. Сол себепті, облыс тұрғындарына алаңдауға себеп жоқ дейді",-ол.
Сондай-ақ, Сәуле Мұнатаеваның сөзінше, Түркісіб ауылында жағдай реттелген. Жерасты суының бағыты басқа жаққа бұрылып, су сорылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024