«Әкем-шешемнің кім екенін білгенде таңғалдым». Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 5 мамыр, 2024
- 1.7k
Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев «Сәлем, Папа» жобасында балалық шағы, ата-анасы туралы айтты, деп жазады Jambylinfo.kz
Халық үні сайты жазғандай, өнер иесі Жамбыл облысының Талас ауданында өткен балалық шағын еске алды. Мейрамбек Беспаев туғанынан ата-әжесінің қолында өсіп, тәрбиеленгендіктен, қалада тұратын ата-анасын жыға танымай, оларды «аға-әпке» ретінде санағанын да жасырмады.
«Балалық шағым Жамбыл облысының Талас ауданында өтті. Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем маған аға-әпке сияқты еді. Олар қалада тұрды. Мен ата-әжеммен ауылда тұрдым. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мені әжем туған деп ойлап жүріппін. Мектепке баратын кезде әкемнің атамнан жалынып сұрап алғаны есімде. «Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады» деген соң, атам рұқсатын берді. Екі әкенің тәрбиесін көрдім деп айта аламын. Өнердегі әкем – Алтынбек Қоразбаев. Ол кісі де әкемдей қамқорлық жасады», – деді Мейрамбек Беспаев.
Сонымен қатар, белгілі өнер иесі өмірде, өнерде демеу болған әкелері көп болғанын айтты. Ата-анасының қандай адамдар екенінен де сыр шертті.
«Әкемнің мінезі ақкөңіл, әзілге жақын. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем – салмақты, көп сөйлемейтін адам. Мен екеуінің де қасиетін теңдей бойыма сіңіргенмін. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. , – дейді өнер иесі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз