жұма, 22 қараша, 2024 18:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сырға толы сандық

Сырға толы сандық
ашық дереккөзі
Сырға толы сандық

Қазақ тұрмысында қолданылатын бұйымдар ертеден табиғи таза өнім ретінде ағаштан жасалған. Сандық, кебеже, жүкаяқ, ағаш төсек, адалбақанның қай-қайсысын алып қарасақ та ерекше шеберлікпен жасалғанын көреміз.

Әсіресе сандық – халқымыздың тұрмысында ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең көне жиһаздың бірі. Жаз жайлауда, қыс қыстауда көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз үшін сандық секілді үй жиһаздары кез келген жағынан ыңғайлы, қолайлы болған. Қазақ шеберлері сандықты қайың, қара тал ағаштарының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою-өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әртүрлі. Кіші сандықтар 30-60 сантиметр болса, үлкендері 60-120 сантиметрге дейін жетеді. Бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану музейінде сандықтың бірнеше түрі сақталған. Тарихы да сан алуан. Жуырда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры тағы бір сандықпен толықты. Тараз қаласының тұрғыны, Т.Рысқұловтың туысы Е.Батырғалиев «Музейге сый» акциясы аясында XIX ғасырға жатқызылатын сандықты тарту етті. Сандық иесінің айтуынша, көне жәдігер 1860 жылдары қостанайлық саудагер Есенгелді Нағашбайұлынан сатып алынған. Сандықтың ұзындығы 1,2 метр, ені 55 сантиметр, биіктігі 60 сантиметр. ХІХ ғасырдан бері сақталып келе жатқан бұл жәдігер баға жетпес құндылық екені сөзсіз.

 

Айдана МЕКЕМОВА, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар