сейсенбі, 17 маусым, 2025 14:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Батырлар рухына тағзым» атты тарихи композиция ұйымдастырылды

Таразда «Батырлар рухына тағзым» атты тарихи композиция ұйымдастырылды
Фото - ашық дереккөз
Кеш барысында «Қаһарлы жылдар шежіресі», «Ерлер есімі – ел есінде», «Майдан жыры мен сыры», «Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы», «Желбіре Жеңіс жалауы» атты көрме-инсталляциялар көпшілік назарына ұсынылды

Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Батырлар рухына тағзым» атты тарихи композиция өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдан мен тылдағы ерен еңбегін жас ұрпаққа үлгі етіп, отансүйгіштікке, елжандылыққа, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, бүгінгі бейбіт күннің қадірін ұғындыру.

Кеш барысында «Қаһарлы жылдар шежіресі», «Ерлер есімі – ел есінде», «Майдан жыры мен сыры», «Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы», «Желбіре Жеңіс жалауы» атты көрме-инсталляциялар көпшілік назарына ұсынылды. Бұдан бөлек, Жамбыл ауданынан шыққан соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған арнайы фото-галерея жасақталып, олардың өмір жолы мен ерлік істері көпшілікке таныстырылды.

Салтанатты кешке Жамбыл ауданы мен облыс көлемінен келген бірқатар құрметті қонақтар қатысты. Атап айтқанда:

Сұлтанбаев Нұрасыл – «Шұғыла-Радуга» газетінің бас редакторы;

Досымбекова Мақпал Сатыбалдықызы – Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары;

Маханбетқұлов Сансызбай Бертайұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі;

Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы – Жамбыл ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы;

Оспанова Жансая Жолтайқызы – Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

Сырлыбаев Асқар Бақытұлы – Жамбыл аудандық музейдің директоры.

Кеш ел рухын көтеріп, көпшілікке терең ой салып, өткенді еске алу арқылы болашаққа деген сенімді нығайтты. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткен бұл тағылымды іс-шара – тарихты ұлықтаудың, ұлт батырларына құрмет көрсетудің жарқын үлгісі болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар