бейсенбі, 12 маусым, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бақытжан Орынбеков «Әулиеата» ауданының тұрғындарымен кездесті

Бақытжан Орынбеков «Әулиеата» ауданының тұрғындарымен кездесті
Фото - ашық дереккөз
Жиында бірқатар сұрақ көтерілді

Бақытжан Орынбеков «Әулиеата» ауданының тұрғындарымен кездесті

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Әулиеата ауданының тұрғындарымен кездесті. №67 орта мектепте өткен жиында әуелі аудан әкімі Барлық Төреханов атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Ағымдағы жылы Әулиеата ауданында жол инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы ұзындығы  29,6 шақырымды құрайтын 20 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу және ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолынн қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сонымен қатар аудан көлемінде ағымдағы жылға жоспарланған 37 жаңа аялдаманың 13-і «Ұлы Дала» шағынауданында орнатылады.  Сондай-ақ биыл қоғамдық көлік саласын жаңғырту мақсатында тасымалдаушылардың өз қаражаты есебінен кемінде 60 жаңа автобус сатып алып, қосымша 5 жаңа маршрут ашу көзделіп отыр. 
 Ауданға қарасты «Ұлы Дала» шағынауданында тұрғын үй құрылысы да қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына, жас отбасылар мен табысы орташа азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған, – деген Барлық Әдепқанұлы бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын баса айтты. 

      Келесі кезекте тұрғындар тарапынан қураған талдарды кесу, арық жүйелерін жаңарту, спорт алаңшаларын орнату, аялдамалардың санын арттыру, жаяу жүргіншілер жолағын салу, көшелерді жарықтандыру секілді маңызды мәселелер көтерілді.
      Барлық сауалды мұқият тыңдаған шаһар басшысы әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.


– Бүгінге дейін «Әулиеата» ауданында жүзеге асқан жұмыстар аз емес. Әрине, аудан жаңадан құрылғандықтан шешімін күткен мәселелер де баршылық. Сондықтан алдымызда тұрған міндеттер бұдан да ауқымды. Жалпы, шаһардағы маңызды мәселелердің барлығы қаланың 3 жылға арналған Даму жоспарында көрініс тауып отыр. Сондай-ақ шаһар аумағына жаңадан қосылған елді мекендердің мәселелері де жан-жақты зерделеніп, сол бойынша арнайы Жол картасы әзірленген болатын. Сол себепті бүгінгі кездесуде көтерілген барлық өтініш-тілек біз үшін аса маңызды.  Олардың барлығы жіті назарға алынып, заң аясында өз шешімін табады, – деген қала әкімі тұрғындарды аулаларын таза ұстауға шақырып, қаланың тазалығына үлес қосуға шақырды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар