сейсенбі, 15 қазан, 2024 19:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Есілдің үстімен өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы бітті

Есілдің үстімен өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы бітті
Фото: Kazinform
Бұл туралы жауапты компания мәлімдеді

LRT құрылысы аясында жүзеге асырылған Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Компания мәліметінше, көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр.

Құрылымның төменгі жағында LRT көлігі өтетін жолағы бар арка түрінде жасалған. Ал аралық доғасы байлау шыбықтарымен жабдықталған.

«Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан. Бұл жаңа нысанды қала инфрақұрылымына кедергісіз салуға мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған», - делінген таратылған ақпаратта.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар