жексенбі, 6 қазан, 2024 3:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

109 зейнеткерге сый - сияпат жасалды

109 зейнеткерге сый - сияпат жасалды
ашық дереккөзі
109 зейнеткерге сый - сияпат жасалды
1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Ақылды қария, ағып жатқан дария» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бөлімше есебінде тұрған 109 жалғыз басты қарт зейнеткерлерге арнайы дайындалған азық-түлік себеттері таратылды. Қарт аналарға орамал мен құттықтау хаттарын күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер жеткізе отырып, зор қуанышқа бөледі және қарттардың алғысын алып қайтты. Аудан әкімі Б.Жақсылықов бөлімше есебінде тұрған жалғыз басты қарт зейнеткерлер Алиева Тишбала мен Тоқбергенова Орынкүл аналарымызды «Алғыс хаттармен» марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар мереке қарсаңында жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйлерін жинастырып, аулаларын тазартып, қыстық дайындық жұмыстарына көмек көрсетілді. Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар