2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел желдің жылдамдығы 5-20 м/с жетеді, түнде және таңертең Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала