дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

31 жылдан соң жеткен марапат: Қазақстанда 1993 жылы ерлікпен қаза тапқан полицей енді марапатталды

31 жылдан соң жеткен марапат: Қазақстанда 1993 жылы ерлікпен қаза тапқан полицей енді марапатталды
Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкері осыдан 30 жыл бұрын полиция бөлімшесіне шабуыл жасалғанда қаза тапқан

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндеріне орай ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Дереккөзге сүйенсек, тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді. 

“Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтаймыз”,– деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар