дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

4 баласы үшін аяушылық танытыңыздар: Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі

4 баласы үшін аяушылық танытыңыздар: Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі
Коллаж: jambylinfo.kz
Альмира Нұрлыбекова сотта Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. Түстен кейін Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова ұлының жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Альмира Нұрлыбекованың айтуынша, ұлы Қуандық марқұм жұбайы Салтанатты қатты сүйген, алайда қызғаныштың кесірінен жүйкесі сыр беріп, осындай қайғылы оқиға орын алған.

"Мен сіздерден ана ретінде өтінемін. Ұлымды 4 баласы үшін, қарт ата-анасы үшін аяп, жазасын жеңілдетуді жалынып сұраймын. Бұл оқиға ешкімге оңай тиген жоқ. Мен марқұм келінім Салтанаттың ата-анасынан, жақындарынан, барлық қыздардың аналарынан кешірім сұраймын", - деді ол.

Сондай-ақ  Альмира Нұрлыбекова жәбірленуші тараптың адвокаты ұлын ескі Қазақстанның өкілі деп атағанына қарсы екенін, ұлының  30 жыл  басқарған шенеуніктердің қателігі үшін қосымша жаза арқалағанын қаламайтынын да баса айтты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар