дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 23:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«50 млн теңгеге Rolls-Royce алып беремін деп алдаған»: Алаяқтық жасады деген күдікті БАӘ-ден экстрадицияланды

«50 млн теңгеге Rolls-Royce алып беремін деп алдаған»: Алаяқтық жасады деген күдікті БАӘ-ден экстрадицияланды
Сурет: видеодан скриншот
Ол осыдан 14 жыл бұрын көлік әперемін деп өзгенің ақшасын алған

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Күдікті  2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс» маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, қашып кеткен.Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздестіруге жарияланған. 

«Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды»,- деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар