7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.
Синоптиктердің болжауынша, 7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді. Сондықтан кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста күшті желмен шаңды дауыл соғады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмоланың кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады. Алматы, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде - найзағай ойнап, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде минус 1-3 градус үсік жүреді. Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024